Шымкенттіктер футбол алаңына түнеуге мәжбүр (ВИДЕО)

0
75
фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында аптап ыстыққа шыдай алмаған тұрғындар ауладағы футбол алаңына төсек салып, түнеп шықты, деп хабарлады Otyrar.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода 3 қыз футбол алаңының қақ ортасына төсек салып қойған. Үшеуі де ұйықтап жатқан сияқты. Видео Нұрсат шағын ауданында түсірілген.

Желі қолданушылары бұл бастаманы қолдап жатыр. Себебі Шымкентте түнгі уақытта да қатты ыстық болып тұр. Ал көпқабатты үйлерде, әсіресе, кондицинер болмаса, түнде ұйықтау мүмкін емес.

Синоптиктердің болжауынша, Шымкентте аптап ыстық әлі де сақталады. Осы аптаның соңына дейін жаңбыр болмайды.

Жаңбыр таулы аймақтарда ғана болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады. Ал ауа температурасы күндіз +40-42 градус, түнде +22-24 болады, – дейді инженер-синоптик Мейірбек Қахарбеков.

Диетологтар аптап ыстықта қуырылған және тәтті тағамдарды азайтуға кеңес беріп отыр. Жеңіл тамақ жеген дұрыс. Соның ішінде көкөніс, жеміс-жидек, пісірілген балық, тауық пен салқын көжені көбірек тұтыну керек. Арақ пен газдалған сусындарды мүлде ішпеген жөн.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ