Keruen Inn қонақүйі – сапарда жайлы демалудың жаңа мүмкіндігі

0
22
Жамбыл облысында халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойында, Меркі ауданы Ақтоған ауылының маңында алғашқы заманауи Keruen Inn қонақүйі пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов және жергілікті тұрғындар қатысты.
Бұл нысан Президент тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте мақұлданған «2025–2029 жылдары Qazaq Oil-дың 60 жол бойындағы қонақүйі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылған.
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында өңірімізде де заманауи талаптарға сай сервистік кешендердің саны артып келеді. Бұл кешен жол жүргіншілеріне қолайлы жағдай жасаумен қатар, жергілікті халыққа жаңа жұмыс орындарын ұсынып, кәсіпкерлікті дамытуға жол ашады. Осындай игі бастамалар ел экономикасының өсуіне және азаматтардың әл-ауқатының артуына үлес қосатыны сөзсіз, – деді Әбілхайыр Тамабек.
Одан кейін Qazaq Oil бас директоры Төлеміс Шотанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев және өзге де қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
Бағдарлама аясында алдағы жылдары елдің негізгі көлік дәліздері – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік», сондай-ақ шекара бекеттері мен туристік әлеуеті жоғары аймақтарда осындай заманауи қонақүйлер желісі ашылмақ.
Keruen Inn қонақүйі – сапарда жайлы демалудың жаңа мүмкіндігі. Аумағы 900 шаршы метрден асатын нысанда 31 стандартты нөмір бар. Әр бөлме жеке душпен, санитарлық тораппен, теледидар және тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған. Қонақтарға қажетті барлық қолайлы жағдай жасалған, соның ішінде гигиеналық құралдар да қарастырылған.
Кешен аумағында кең мәзір ұсынатын кафе, күзетілетін автотұрақ, кір жуу қызметі, жолға қажетті тауарлар дүкені, жанармай құю станциясы және электр көліктеріне арналған қуаттау бекеті бар.
Жобаны жүзеге асырған Qazaq Oil компаниясы елімізде заманауи жол бойы сервисінің бірыңғай экожүйесін қалыптастыруды мақсат етіп отыр.
«Qazaq Oil-дың 2025–2029 жылдарға арналған 60 жол бойындағы қонақүй» бағдарламасы аясында бой көтеретін барлық нысан халықаралық стандарттарға сай салынып, энергия тиімділігі талаптарын сақтайтын болады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • “Таза Қазақстан»: Астанада ауқымды экологиялық бағдарлама жалғасып жатыр


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213