Кез келген адам таксист бола алмайды. Таксистерге қойылатын талап күшейеді

0
207

Фото: ашық дереккөзден

Осы жылдың сәуір айында Әлеуметтік кодекс шеңберінде «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына бірқатар түзету енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Атап айтқанда, енді таксист болу үшін азамат жергілікті атқарушы органдардың ресми такси тасымалдаушылары бойынша тізіліміне хабарлама жіберу керек.

Сонымен бірге таксист болуға өтінім білдіргендер таксиге қойылатын талаптарды сақтауы бойынша бақылауда болады.

Таксистерге қойылатын талаптарды бақылау таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметіне жүктеледі. Олар қойылатын талаптардың сақталуын мобильдік қосымшаның операторы арқылы бақылайды.

Аталған түзетулер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ