Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Президент Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады. Бұл туралы Kazinform Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

Бұдан бөлек, Президент саяси реформалардың табысты жүзеге асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, «жасыл» экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Сәйкес жаңалықтар

Талдықорғанда шенеунік тұрғын үй салуға бөлінген қомақты қаражатты жымқырған

Ғабит Сыздықбеков Президентке Шымкент қаласының дамуы жөнінде есеп берді

Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті