Әкімдіктер су тасқыны салдарын жоюға қанша қаражат бөлді – ТЖМ жауабы

0
125
көрнекі фото: Halyq Uni

Төтенше жағдай министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов әкімдіктер тарапынан су тасқынынан салдарын жоюға 3 млрд теңге бөлгенін айтты,

Үкімет отырысынан соң Бауыржан Сыздықовқа «Бұған дейін Төтенше жағдай министрлігі су тасқынын ескертуге және оның салдарын жоюға 7 млрд теңге бөлінгені хабарланды. Бұл қаржы қайда жұмсалды?» деген сұрақ қойылды.

Министрдің орынбасары бұл қаражат жергілікті бюджеттен бөлінетінін атап өтті.

Жалпы 7 млрд теңгеден аса қаражат бөлінген жоқ, ол қаржы тек қарастырылған. Мұны сіз дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы биліктің бюджетінде қарастырылған. Бүгінде әкімдіктердің мәліметінше, су тасқынының алдын алуға және оған қарсы күресуге 3 млрд теңгеден аса қаржысы бөлінген, – деді Бауыржан Сыздықов.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделгенін баяндады. Залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО, Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрліктері айқындайды. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкіметтің резервінен қарастырылады.

Іс-әрекет алгоритмі:

  • материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
  • ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
  • Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер әзірлейді.

Су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабты премьер-министр Олжас Бектенов (штаб басшысы) басқарады, ал премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды. Штаб құрамына Президент әкімшілігінің басшылығы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кірді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ