Тасқынның алдын алуға 7 млрд теңге бөлінді деген өтірік – вице-министр

0
113
Фото: gov.kz

 – Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференцияда тасқынның алдын алуға қанша ақша бөлінгенін айтты.

Көктемгі тасқындарға қарсы 7 млрд теңге бөлінгені айтылып жүр. Ол Ақша қайда кетті?» – деп сұрады журналист.

Вице-министрдің айтуынша аталмыш ақпарат жаңсақ.

«Тасқынға қарсы дайындық аясында бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді деген ақпарат тарағаны рас. Бірақ бұл мәлімет дұрыс емес екенін айтқым келеді. Шын мәнінде 7 млрд теңге қарастырылған болатын. Ал бөлінгені 3 млрд теңгеден астам қаражат. Ол қаражат, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, тасқынның алдын алып, салдарымен күресуге бағытталып жатыр. Бүгінгі таңда, әкімдіктердің ақпараты осындай», – деді ол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ