Үкімет ауаны тазарту үшін “жасыл энергетиканы” дамытуға күш салып отыр

0
14
Фото ©️ Tengrinews.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегіне сүйенсек, елдегі 15 қаладағы ауаның ластану деңгейі жоғары. Бұл тізімде Алматы және Қарағанды қалалары көш бастап тұр, – деп хабарлайды Zamandas.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет ауаны тазарту үшін “жасыл энергетиканы” дамытуға күш салып отыр. Жалпы қандай жұмыс жүріп жатыр?

Елдегі 45 қаланың ішінде 8 шаһардағы ауаның сапасы өте төмен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады. Олардың қатарында үш мегаполис – Алматы, Астана мен Шымкент бар. Сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе мен Өскемен де осы тізімнен ойып тұрып орын алды. Бұлардың барлығы өндірісті қалалар екені белгілі. Ауаның ластануына жылу электр орталықтары мен кәсіпорындар әсер етеді. Дегенмен автокөліктердің де үлесі жоғары.

Мәселен, Алматыда түтіннің 60 пайызы көліктерге тиесілі. Ал 27 пайызын өнеркәсіп шығарады. Көліктердің зиянын азайту мақсатында дизельмен жүретін автобустарды сатып алуға тыйым салынды. Енді жылу қазандықтары да газға көшірілмек.

– Бүгінде мегаполисте ауаға тарайтын түтін көлемі 225 мың тоннадан асып отыр. Қазір жылу-электр орталығын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде, ауаға тарайтын зиянды заттар көлемі 93 пайызға, яғни 37,3 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін төмендейді. 2026 жылы жылу көзін көмірден газға ауыстыру жоспары бар. Сондай-ақ жеке тұрғын үй секторын газбен қамтуға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда үйлердің 99,4 пайызына тиісті инфрақұрылым тартылды, – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ