Үкімет басшысы Болат Назарбаевтың жаназасына барғанын түсіндірді

0
66
фото: Halyq Uni

14 қарашада Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов жуырда қайтыс болған Болат Назарбаевтың жаназасына барғанын түсіндірді.

Журналистердің бірі Үкімет басшысына «Сіздің жаназаға баруыңыз азаматтық позиция ма, әлде хаттама аясында ма?» деген сұрақ қойды.

Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз бар: ол қайтыс болған адамның туыстарына көңіл айту. Премьер-министр ретінде Қазақстанның тұңғыш президентіне көңіл айтуды жөн деп санадым. Оған қоса, мен сол кезде Алматы қаласына іссапармен барып, ірі жобаны іске қостық. Сол кезде ҚР тұңғыш президентіне көңіл айтуды жөн деп санадым, – деді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетейік, 13 қарашада 71 жасқа қараған шағында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды.

14 қарашада Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев туған бауыры Болат Назарбаевтың қазасына қатысты халыққа үндеу жасады.

Дәурен Ерболат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ