Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Колония қызметкері сотталды

www.istockphoto.com
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің режим жөніндегі бөлімі бастығының орынбасарына сотталған адамды азаптағаны үшін үкім шығарды.

“Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оған үш жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды. Сотталған “әділет майоры” арнайы шенінен айырылды және одан жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдер өндіріледі”, – делінген хабарламада.

Соталды тергеуді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

«ТУЫСҚАНЫҢ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА ТҮСТІ» алаяқтық схемасы бойынша курьер сотталды

Оқушылар мен студенттерді бопсалаған 19 топ анықталды (ВИДЕО)

Алматыда полиция “Anti-Fraud” республикалық операциясын жүргізіп жатыр