КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІ БОЙЫНША СОТТАЛДЫ

0
101

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ