Компания тарапы өз кінәларын жоққа шығарды

0
55
фото: Павлодар облысының ТЖД

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін (арнайы тергеу актісінің бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы) өзгеріссіз қалдырды.

Еске сала кетсек, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС-нің қызметкерлері отырған автобус тазарту кеңістігіне түсіп, соның салдарынан 4 құтқарушы қаза тапқан еді.

ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен құрылған комиссия өліммен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеруді жүргізіп, топтық жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасады.

Астана соты жазатайым оқиға жұмыс уақытында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде болғанын хабарлады.

Актімен жұмыс берушінің кінәсі (актінің 6.3-тармағында көрсетілген жауапты тұлғалардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) туындаған жазатайым оқиғаның себептерін негізге ала отырып) 100% анықталды, – делінген сот хабарламасында.

«Майқайыңалтын» АҚ басшылығы ол жазатайым оқиғада өздерінің кінәсін мойындамай, актіге қарсы шықты.

Сотта жазатайым оқиғаның «Майқайыңалтын» АҚ қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан болғаны анықталды. Ал ол оқиға талапкер «Майқайыңалтын» АҚ-ның өндірістік қызметімен тікелей байланысты.

 

Соттардың қорытындылары сотта зерттелген тергеу материалдарымен, оның ішінде сараптама ұйымдарының қорытындыларымен расталды.

Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты. Ал «Майқайыңалтын» АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды, – делінген сот таратқан хабарламада.

Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ