Корея Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

0
189
Photo credit: Akorda

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады», – делінген хабарламада.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз