Алакөл мен Балқаш бағытындағы маусымдық рейстер саны артады

0
116
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

– Алакөл мен Балқаш бағытындағы маусымдық рейстерді ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

Инфрақұрылымды дамыту — туристік маусымға дайындықтың бірінші кезеңі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының «Жылы жағажайына» инфрақұрылым тарту бойынша бірқатар жоба аяқталды, Алматы әуежайының жаңа терминалы ашылды. Алдағы уақытта Шымкент пен Қызылордада 2 жаңа әуежай терминалы ашылмақ.

«Жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына апаратын маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Өткен жылдары олардың саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағынын қамтымағаны белгілі. Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, биыл конкурстардың қорытындысы бойынша 22 субсидияланатын авиарейсті жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Үржар — Алматы — Үржар, Алматы — Үшарал — Алматы бағыттары бойынша. Сонымен қатар, Астана — Үржар — Астана, Алматы — Үржар — Алматы, Алматы — Балқаш — Алматы Астана — Балқаш — Астана бағыттары бойынша коммерциялық авиарейстер жоспарлануда», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ