Косметикалық отаның салдары

0
44

Cоттың үкімімен елорда тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз
айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды.Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді
қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде
жәбірленушінің денесінде қабыну процесі орын алып, оған медициналық
көмек қажет еткен.
Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып,
мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан
айырылды.
Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 5,8 млн теңге материалдық
және моральдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы азаматтарды медициналық процедураларды
қабылдау үшін тек лицензиясы бар білікті мамандарға ғана жүгінудің
маңыздылығы туралы ескертеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ