Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Куәгерді азаптаған екі полиция сотталды

Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді.

Азаматтың басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген.

Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі дептанып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды.

Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылды. Оларға Жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды.

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сәйкес жаңалықтар

Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

Қостанай облысының жас робототехниктерінің жетістігі – өңір ғана емес, тұтас ел мерейін үстем еткен маңызды нәтиже

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Құстар әні» фестивалі өтеді