«Ұл бала үшін аз ақша беріп тұрсыз»: Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені белгілі болды

0
140
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі журналист Қымбат Досжан шетелдіктер асырып алған Жәнібекті саудалаған әйелдің табылғанын айтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

«Ақша алған әйел белгілі екен. Оның аты кім, неге айтпайсыздар?» деп сұрайсыздар. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан ол әйел туралы айтуға еш құқым жоқ. Негізі бұл әйелдің атын, қайда тұратынын, немен айналысатынын біз осы жылдың қаңтардың 7-сі күні анықтадық. Бұны қымыстық істі тергеп жатқан Арқалық полиициясы да біледі», – деді Қымбат Досжан.

Журналист Жәнібекті саудалаған әйелдің аудармашы болып жұмыс істегенін айтты.

2004 жылы ақша алған кезде ол әйел Арқалықта жұмыс істеген. Сіздер ойлағандай перзентханада немесе балалар үйінде жұмыс істемеген. Ол тіл білгендіктен аудармашы болып жұмыс істеген. 12 мың долларды қолына санап алған кезде, Жәнібектің асырап алған анасына «Сіз аз беріп тұрсыз, америкалықтар бізге ұл балалар үшін 20 мың доллардан жоғары ақша береді» деген.

2020 жылы ақша алған әйел Валериймен (Жәнібектің асырап алған анасы) хат жазысқан. Ол жерде «Жәнібектің жағдайы қалай?» деп сұраған. Бұған дәлеліміз бар. Оқиғаның мән-жайы тергеу аяқталып, сот болған кезде ғана белгілі болады. «Бармысың, бауырым?» хабары Жәнібектің анасын іздеуді ары қарай жалғастырады», – деді журналист.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз