Әлихан Әскербай алтын медаль жеңіп алды

2025 жылдың 25-30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әлихан Әскербай алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлихан 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.
Жұлқа көтеруде – 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді.
Серпе көтеруде де үздік нәтиже көрсетіп, екі сайыста да чемпион атанды.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз екі алтын медаль иеленді.
Жарыс барысында жалпы алты рекорд орнатқан Әлихан Әскербайды зор жетістігімен құттықтаймыз!
Әлиханның бұл жеңісі – тек жеке жетістік емес, ол Қазақстанның спорттағы мерейін үстем еткен үлкен табыс. Жас чемпионның ерік-жігері мен еңбекқорлығы талай жасты шабыттандырып, еліміздің көк Байрағын әлемдік ареналарда желбіретті.









