Лондонда халықаралық сотты қолдау туралы талқылау өтеді

0
81

Дүйсенбі күні Лондонда 40-тан астам елдің әділет министрлері кездесіп, Халықаралық қылмыстық сотқа қолдау көрсету мен Украинадағы әскери қылмыстарды тергеуді күшейту жайын талқылайды.

Өткен жұмада Ресей президенті Владимир Путин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы украиналық балаларды заңсыз депортациялау туралы іс бойынша қамауға алуға ордер берілді. Бұл туралы соттың сайтында жарияланды.

.

Ұлыбритания Премьер-министрінің орынбасары Доминик Рааб мәлімдеме жасады.

«Біз Лондонға жиналдық. Мақсатымыз – әскери қылмыскерлерді әділетсіз, себепсіз әрі заңсыз басып кіруі мен Украинада жасаған қатыгездіктері үшін жауап беруге шақыру», деді ол.

Сондай-ақ Ұлыбритания халықаралық қауымдастықпен бірге Халықаралық қылмыстық сотқа сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды, адамдар мен мамандарды беруді жалғастыра беретінін атап өтті.

Өткен жылдың желтоқсан айында Халықаралық сот прокуроры Кәрім Хан халықаралық қауымдастықты тергеу жүргізу үшін қаржылық және техникалық ресурстарға мұқтаж соттың қолдауын арттыруға шақырған.

2022 жылы Нидерланды Ресей шапқыншылығы басталғаннан бері Украинада жасалған қылмыстарды тергеу кезінде айғақтарды ұсыну үшін сот сарапшыларының екі тобы құрылған. AFP мәліметінше, Халықаралық қылмыстық сотта 900-ден астам қызметкер жұмыс істейді, 2023 жылға арналған бюджет 169 миллион еуроны құрайды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ