Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірнеше қызметкері лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды zamandas.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.