Ұлттық киімді ұлықтаған үздік мектеп

0
127
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Ұлттық киімді ұлықтап жүрген білім ордаларының бірі – Астана қаласындағы Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейі. Мектеп табалдырығынан аттай бере қазақылықтың исі аңқып, рухың асқақтай түседі.

Бұған дейін мектеп ұжымы Әз-Наурыз қарсаңында ұлттық киімді киюді қолға ала бастаса, биыл қыркүйек айынан бастап жоғары сынып оқушылары аптасына кем дегенде бір мәрте киіп жүруді дәстүрге айналдырған.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Ал бастауыш сынып оқушылары сабаққа күнделікті ұлттық киіммен келіп жүр.

Бұл игі дәстүрді ата-аналар жаппай қолдап, оқушылар ұлттық оюлар бейнеленген біркелкі мектеп формасын қалыптастырып үлгерген.

Тіпті, мектеп формасынан бөлек қыздар шолпы тағып, ұлдар басына тақия киіп, мектептің сәнін келтіруде.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

1 «ә» сынып оқушысы Айша Айетова әр таңда анасы шашын өріп, шолпы, шекелік тағып беретінін айтады.

«Бұрын қуыршақпен ойнаған кезде шашын өріп, шолпы тағуға қызығатын едім. Биыл мектеп табалдырығын аттап, сабаққа шекелік, шолпы тағып келіп жүрмін. Тақпасам, бірдеңе жетпейтіндей көңілсіз отырамын», – дейді Айша.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Басына тақиясын қондырған Бейбарыс Тұрсынды сыныптастары «Тақиялы періште» деп те атайтын көрінеді.

«Өскенде әскери қызметші болғым келеді. Атам тақияның қасиеті жайлы жиі айтады. Сол себепті мектепте де, қонаққа барғанда да киіп жүремін», – дейді ол.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Бастауыш пәні мұғалімі Әсем Жанатаева да сабаққа ұлттық киіммен келіп, оқушыларға ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүр.

Мектепте сән-салтанаты келіскен киіз үй бар екен. Онда сабақ беру мұғалімге де, оқушыларға да қызықты.

Ал, ұлттық ойындар орталығында оқушылар тоғызқұмалақ, асық ойнап, ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылықтары артуда.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Бастауыш пәні мұғалімі Айгүл Кенжина ұлттық киім киіп жүрген балалардың патриот болып өсетініне сенімді.

«Қазақ халқының ұлттық киімі өзге ұлттардан өзгеше. Себебі, ата-бабамыз табиғат аясында еркін ғұмыр кешуімен байланысты дер едім. Соңғы уақытта түрлі оюлармен көмкерілген заманауи ұлттық киімдер пайда болды. Бұл ретте, ата-аналар ұлттық элемент бейнеленген мектеп формасына тапсырыс беріп, оқушыларымыз сұп-сұлу болып сабаққа келіп жүр», – дейді А.Кенжина.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Мектеп ұстаздары да ұлттық киім киіп, сабақ барысында оқушыларға салт-дәстүр жайлы қысқа ақпарат беріп отыруды әдетке айналдырған.

Айта кетейік, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейі 2018 жылы 5 қыркүйекте ашылған. Қазіргі таңда мұнда 3044 оқушы білім алуда.

мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform
тоғызқұмалақ
Фото: Kazinform
мектеп
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ