«Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестицияға жұмсалады – Тамара Дүйсенова

0
161
Фото: Kazinform
 – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балалар есепшотына түскен қаражат инвестициялауға жұмсалады. Бұл туралы Премьер-Министр орынбасары Тамара Дүйсенова айтты-деп хабарлайды zamandas.kz  KAZINFORMге сілтеме жасап.

«Бұл қаражат инвестицияланады. Жыл сайын есептері ұсынылады», – деді Тамара Дүйсенова Үкіметтегі брифингте тілшілерге берген жауабында.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары жыл сайын зейнетақы жинақтары сияқты бұл қаражат та өсетінін айтты.

Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша бала шотына түсіп жатқан сома туралы түсінік берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз