«Ұлттық қор – балаларға»: Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Фото: Мурзабаев Нариман
Бұл туралы Ақорданың ресми телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Шыңғыс МҰҚАЕВ