Ұлттық спорт туралы заң керек – депутат

0
125
Фото: amanatpartiasy.kz

 – Ұлттық спорт туралы заң керек. Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев жасады-деп хабарлайды zamandas.kz сайты казинфрмге сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормаларды шектен тыс (шектен тыс) заңнамалық реттеуді алып тастау туралы» заң жобасы талқыланды. Іс-шара барысында Қазыбек Әлішев дептуттарға заң жобасын таныстырған Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтан ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін не істелінетінін сұрады.

«Ұлттық спорт ұлттық идеологиямызды, құндылығымызды дәріптейді. Осы орайда министрлік ұстанымы қандай? Меніңше, елімізге арнайы Ұлттық спорт туралы заң керек. Мұндай заң Қырғыз Республикасында, сондай-ақ Ресей құрамына кіретін Тыва елінде бар. Елімізде де ұлттық спортты қолдайтын осындай заң қабылдауға не кедергі?», – деді Мәжіліс дептутаты.

Сауалға жауап берген вице-министр ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін арнайы заң керек болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

«Бірақ қазіргі уақытта 2029 жылға дейінгі спортты дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Онда ұлттық спортты қолдаудың бірқатар қағидасы көрсетілген. Мұнан бөлек, биыл қыркүйектің 8-15 күндері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткіземіз. Ол да ұлттық спорт түрлерін қамытуға үлкен әсерін тигізеді деп сенеміз. Себебі ол кезде ресми түрде 20 спорт түрінен жарыс өтеді. 10 көрсетілім спорты өтеді. 100-ден астам елден спортшы қатысады», – деді Серік Жарасбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ