Зухра Иранзарова нысана көздеуден Азиада чемпионы атанды

0
88
Фото: olympic.kz

Қытайдың Ханчжоу қаласында Зухра Иранзарова нысананы көздеуден Азиада чемпионы атанды.

18 жастағы Зухара Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 560 ұпай жинап, Солтүстік Кореядан келген екі мергеннен озды. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті.

Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Иранзарова алтыншы, Александра Сәдуақасова жетінші орын алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы үш мергенннің нәтижесін қоса есептегенде командалық сында күміс жүлдені иеленді.

Бұл Азиададағы еліміздің ұлттық құрамасы үшін екінші алтын медаль. Еске сала кетсек, кеше Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған стенд атудан Қазақстанның әйелдер командасы «скит» жаттығуында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын 350 баллға жеткізді.

Қазір Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және 11 қола жүлдені иеленіп отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ