Құлыбаевтың айналасындағылар Қазақстан спортына зиянын тигізіп жатыр – Ерлан Сайыров

0
85
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

 – Қазақстан спортынан олигархтардың барлық байланысын алып тастауымыз керек. Бұл туралы Мәжілісте депутат Ерлан Сайыров айтты-деп хабарлайды zamandas.kz сайты Kazinformге сілтеме жасап.

«Қазақстан спортынан олигархтардың барлық байланысын алып тастауымыз керек. Бүгінгі таңда Құлыбаев, оның айналасында жүрген адамдар Қазақстан спортына керсінше зиянын тигізіп жатыр. Бұл мәселені қалай шеше аламыз? Құзырлы министрліктің олигархтарды спорттан қуып жіберуге күш-жігері бола ма? Олигархтар, олардың айналасындағы туыстары, достары елімізде әртүрлі федерация ашып, Қазақстан бюджетінің қаржысын тоз-тозын шығарды», – деді депутат.

Оның дерегінше, соңғы 4 жылдың ішінде еліміздің жоғары жетістік спорты көршілес елдерден қалып барады.

«Неге? Қазақстан спортқа жалпы 1 млрд доллар бөледі. Ал Орта Азиядағы басқа елдер мұндай соманы түсінде де көрмеген. Бірақ, олардың жетістігі жоғары. Яғни, 1 млрд доллар елімізде талан-таражға түсіп отыр. Сондықтан ең алдымен спортты дамытқан кезде олимпиадалық спорт түрлеріне ғана бюдет қаражатын бөлу керек. Екіншіден, ұлттық спорт түрлеріне беру қажет. Басқа федерациялар жұмыс істегісі келсе, онда бюджеттен тыс көздерден қаржы тартып, жұмыс істей берсін. Оларға ешкім қой демейді», – деді Ерлан Сайыров.

Айта кетейік, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ нормаларды шектен тыс (шектен тыс) заңнамалық реттеуді алып тастау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ