Мұндай кездесулер ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік іргетасын қалайды

0
12

Өзбекстанда Қазақ медицинасының күндері өтіп жатыр.іс- шара аясында отандық жетекші дәрігерлер аймақтарға шығып, кездесулер өткізіп, шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, бауырлас республикадағы әріптестерімен тәжірибе бөлісуде.

Медицина бағыттарының ішінде травматология мен ортопедия саласындағы ынтымақтастық айрықша орын алды. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының делегациясы Ташкентте Өзбекстандағы ТОҒЗИ ұжымымен кездесті. Ынтымақтастық шеңберінде артроскопия, эндопротездеу, табан хирургиясы және омыртқа патологиясын түзету бойынша көрсету операциялары  жасалды.

Орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы Олжас Бекарисов

«Бұл күндерді біз ресми іссапар ретінде емес, сенім мен ортақ дамуға бағытталған берік көпір құру мүмкіндігі ретінде қабылдаймыз. Қазіргі медицина: ашықтықты,технологиямен, біліммен, тәжірибемен алмасуды талап етеді. Қазақстан мен Өзбекстанды тек география ғана емес, адамдар денсаулығына қамқорлық пен заманауи шешімдерді пациенттер игілігіне енгізу сияқты ортақ мақсаттар байланыстыратынын» деп атап өтті. 

Өз кезегінде Өзбекстан ТОҒЗИ өкілдері институтта қазақстандық әріптестердің тәжірибе мен білімді бөлісуге деген шынайы дайындығын жоғары бағалайтындарын атап өтті. Бұл бәсеке емес, достық серіктестік. Ол пациенттерге сапалы әрі заманауи медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік іргетасын қалайды» деді.

Қазақ медицинасының күндері бағдарламасына пациенттерді қабылдау, семинарлар және екі елдің медицина мамандарының қатысуымен пікірталастар да енген. Басты мақсат – кәсіби байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және болашақтағы бірлескен жобаларға негіз қалау.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз