Мұрат Нұртілеу өзбек мамандарын дипломаттар мен медицина қызметкерлері курстарына шақырды

0
166
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 – Қазақстан мен Өзбекстанда мекендейтін қандастарымыз екі елді елдестіретін «алтын көпір» саналады. Бұл туралы елордада Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу айтты.

«Қазақстан мен Өзбекстанда мекендейтін қандастарымыз екі елді елдестіретін «алтын көпір» саналады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан аумағында 500 мыңға жуық өзбек тұрса, Өзбекстанда 800 мыңға жуық қазақ мекендеп отыр. Олардың барлығы екі елді жақындастыратын жақсы фактор деп қарастырамыз. Мемлекеттер тарапынан қандастарымызды не болмаса диаспорларды қолдау үшін тиісті жағдай жасалған. Мектептер бар, газеттер шығады. Қазақстанда 2 өзбек театры бар. Сондықтан осы бағытта ары қарай келісе отырып, тиіс қадамдар жасауға уағдаластық», – деді Мұрат Нұртілеу

Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Өзбекстанның өзара Мәдениет күндері тұрақты өткізіледі. Жастар арасында белсенді диалог орнатылды. бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында Өзбекстанның 6 мыңнан астам азаматы білім алып жатыр.

«Өткен жылы Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының» филиалы жұмысын бастады. Жақында Чирчик қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылды», – деді ол.

Министр қазақстандық KazAID агенттігі арқылы ұйымдастырылатын жас мемлекеттік қызметкерлер, дипломаттар және медицина қызметкерлері үшін білім беру курстарына өзбек мамандарын шақырғанын атап өтті.

«Өзбек тарапына біздің ұсынымызды қабылдап отырғаны үшін тағы да ризашылығымды білдіремін», – деді Мұрат Нұртілеу.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ