Мәслихат депутаттары бас қаладағы қандай мәселені шешті?

0
133

Жақында елорданың құрылғанына 25 жыл толады. Еліміздің бас қаласы ширек ғасырда тәуелсіздіктің символына, әлемдік деңгейдегі маңызды басқосулар алаңына айналды. Мемлекет басшысы ел дамуында Астананың орны ерекше екенін үнемі айтып келеді. Қалаға қойылатын талап та жоғары және бұл тек экономикаға байланысты емес, архитектуралық, урбанистикалық, рухани және әлеуметтік салаға қатысы бар.

Әр азамат туған елінің өркендеуіне өзінше үлес қосады. Ал жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бір бөлігі болып саналатын, халық сайлаған мәслихат депутаттарының міндеті қандай? Олар бас қаламызды өркендету жолында, тұрғындардың мәселесін шешуде қандай қадамға барады? Бүгін Астана қаласы мәслихаты депутаттарының атқарған жұмысына шолу жасап көрдік.

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Ерлан Ерғазыұлы «Агрогородок» тұрғын алабында сквер салыну мәселесін көтеріп, оның салынуына өзі де атсалысқан. Оның бастамасымен «Бақытты балалық шақ»  жобасы елордамыздың мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндеріне арнап қайырымдылық іс-шараларын өткізіп тұрады. Ерлан Ерғазыұлы Астана қаласының ардагерлер кеңесі мүшелерімен, белсенді қарияларымызбен үнемі кездесу өткізіп отырады. Мәслихат депутаттарымен бірге елорадалық қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізіп, автобустардағы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға арналған пандустардың сапасын, ыңғайлылығына көңіл бөліп келеді.

Мәслихат депутаттары бас қаладағы қандай мәселені шешті?
Фото: 2gis.kz

«Amanaт» партиясы ұйымдастырған «Балаларды бірге дайындайық» атты республикалық акциясы аясында, елордамыздағы «Промышленный»  тұрғын алабында көпбалалы отбасыдан шыққан балаларды мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етті. «Amanaт» партиясы Елордалық филиалында азаматтарды офлайн, онлайн форматта қоғамдық қабылдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал етті.

Мәслихат депутаттары бас қаладағы қандай мәселені шешті?

Депутат әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық жасау мәселесін назарынан тыс қалдырмайды. Бүгінде ол Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры

Астана қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емхана» директоры, VIII сайланған Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Байсеркина тұрғындардың мәселесін назардан тыс қалдырмай, бірқатар жауапты міндетті атқарды. Мысалы, №6 қалалық емханада  он жылдан бері «Анамның жүрегі» акциясы өткізіліп келеді. Оған ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар қатысады. Ата-аналар медициналық тексерістен өтеді, ал балаларға қабілетін шыңдап, дамытуға бағытталған сабақтар өткізіліп тұрады. Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында № 6 қалалық емхананың қызметкерлері балаларға ерекше мереке сыйлайды. Мәслихат депутаты тұрғындарды жеке қабылдап, мәселесінің шешілуіне үлес қосып жүр.

SARYARQA HOLD ЖШС Бас директоры, Астана қаласы мәслихатының депутаты (VIII шақырылым) Нұрлан Мүслімнің айтуынша, қазір  тұрғындардың сұранысы бойынша жылы аялдамалар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, округтің шетінде жаңа оқу маусымы басталғаннан бері жаңа автобус бағытын іске қосу мәселесі шешілген. Сондай-ақ мәслихат депутаты алдағы уақытта қоқыс контейнерлерін ауыстыру, аулаішілік бақылау камераларын, құрамында жеті тұрғын үй кешені бар «Жеті бөшке» тұрғын үй кешеніне жол қозғалысы белгілерін орнату жоспарлап отыр. Оның бастамасымен «Меркурий» ТК және «Алтын Шар» ТК тұрғындарына заңды мүддесін қорғау үшін қажетті кеңес беріліп тұрады. Нұрлан Мүслім мәслихат депутаты ғана емес, заңгер, меценат және көпбалалы әке. Елордада құрылыс саласының дамуына үлес қосып жүр. Заманауи архитектуралық стильде сапалы әлеуметтік маңызы бар тұрғын үй кешендерін салды. Тұрғындарға тұрғын үй, құрылыс және өзге де әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қабылдау өткізеді.

Мәслихат депутаттары бас қаладағы қандай мәселені шешті?
Фото: ашық дереккөз

Мүмкіндігі шектеулі балаларға жүйелі түрде көмек көрсетеді. Сонымен қатар параолимпиадашыларға қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған. Тұрғындардың өтінішімен жол жөндеу жұмыстарын ойдағыдай атқарды. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Халыққа көмек» партиялық жобалары аясында 100 отбасына көмек көрсетілді. Мәслихат депутаты спортшылардың, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты аналардың мәселесін назардан тыс қалдырмай келеді.

Мәслихат депутаттары бас қаладағы қандай мәселені шешті?
Фото: ser-per.kz

Астана қаласы футбол федерациясының президенті, Астана қаласы мәслихатының депутаты Давид Лория қоғам үшін игі іс атқарып келеді. Мәселен, ол балаларға арналған ауладағы футбол клубтарын ашқан. Онда аптасына 2 рет 9-15 жас аралығындағы балаларға футбол жаттығулары тегін өткізіледі. Ал жаттығуды білікті жаттықтырушылар жүргізеді. Мәслихат депутаты мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға көмектесіп тұрады.

Эльмира АҒАБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ