Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов су деңгейінің төмендеу мәселесін көтерді

0
72

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов Абай ауданы Аягөз өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты экологиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, мәселе қозғады. Депутаттың бұл ұрпақтың үлесін сақтау үшін деп дабыл қағуы да орынды. Өйткені әлем бойынша  Қазақстан экологиялық ахуал жөнінен 180 елдің ішінде 93-орында. Бұл елімізде мәселенің бар екенінің дәлелі.

«Өзіңіз білетіндей еліміздегі өзендер мен көлдердің су деңгейі соңғы жылдары күрт төмендеп жатыр. Ал осылардың себебін анықтап, алдын алу әркеттерін жасап жатқан жауапты органдарды өз басым әлі көрген жоқпын. Сөзіме дәлел болатын көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар министрлігінде толықтай бар», деді Ринат Зайытов.

Мәжіліс депутаты келтірген деректерде су деңгейінің едәуір төмендегені айқын көрсетілген. Депутаттық сауалында жергілікті халықтың мәселесін жеткізіп, олардың жанайқайына құлақ түретін адам керек деді. Сондай-ақ арнайы комиссия құруды ұсынды.

«Ал осы мәселе бойынша жергілікті халықтың алаңдап шыққан ащы дауысын естіп жатқан ешкім жоқ па? Тілге тиек ететін болсам ШҚО Маралды ауданы маңынан бірнеше талаптарды өрескел бұзып, жұмыс жүргізгелі жатқан алтын өндіруші фабрикаларды салуға жергілікті халықтың қарсылығын неге естімейміз. Абай облысындағы Аягөз өзенінің су деңгейі 2019-2021 жылдар арасындағы жоғары көрсеткіші Балтық жүйесі бойынша 550 см-ден 162 см-ге дейін төмендеуіне не себеп? Бұған да жауап бере алатындарыңызға күмәнім бар. Өйткені Аягөз ауданында эколог маманы да жоқ. Арнайы комиссия құруды және комиссия жұмысына барынша көмек көрсетуді сұраймын», деді Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ