Алматы қаласы Наурызбай аудандық соты ақын Мұқағали Мақатаевты қорлады деп айыпталған блогер Алишер Теменовке қатысты істі тоқтатты.

Бүгін, 16 маусымда, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев айыпталушыны кешіріп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұған дейін ол блогерден моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен еді.

Сот шешім қабылдау үшін залдан шыққан сәтте блогер Жұлдыз Мақатаевқа 2 миллион теңге қолма-қол беріп, көлігінің кілтін тапсырған. Тағы 1 миллион теңгені он күн ішінде беруге уәде етіп, содан кейін машинаны қайтарып алатынын айтқан.
Блогер өз сөздері үшін бүкіл халықтан кешірім сұрап, видео жариялауға уәде етті.