Маңғыстау облысында «Шопандар тойы» өтті

0
75

фото:Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аталған шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген еңбеккерлер, сала ардагерлерімен ауыл тұрғындары қатысты.Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Хасым Итқұсов жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, өңірдің мал шаруашылығындағы ерекше орын алатын жылқы, түйе және қой шаруашылықтарын дамытуға жасалып жатқан мемлекеттік қолдау шараларынан хабардар етті.

Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан облыстағы сала ардагерлері мен ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілері мен «Құрмет» грамоталары табыс етілді. Шара соңында ұлттық ойындар мен жарыстар өткізілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ