Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Almaty Pop Up Store көрмесінде 50-ден астам жергілікті бренд таныстырылады

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 5-6 қыркүйекте Almaty Pop Up Store өтеді. Бұл Қазақстанның әр қаласынан 50-ден астам дизайнер мен кәсіпкерді біріктіретін жергілікті брендтер фестивалі.

Бір алаңда киім мен аксессуарлар, әшекей бұйымдар, интерьер заттары, косметика, үйге арналған тауар және авторлық жобалар ұсынылады. Бағдарламада сондай-ақ гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары және музыкалық қойылымдар бар.

Екі күн бойы сахнада Lelya, Adina Topash, Kezeñ, Kyle Ruh, menrasaitam және Erlan.smp өнер көрсетеді.

Фестиваль сән, дизайн, қолөнер және креативті индустрияның өзге де бағыт өкілдерін біріктіріп, заманауи қазақстандық брендтермен және олардың авторымен танысуға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды

Үкімет Қазақстанда карбамид өндіретін алғашқы зауыт салу туралы келісімді мақұлдады

Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды

zamandas69@mail.ru