Машина зауытының бұрынғы директоры 11 жылға сотталды

0
167
Фото: freepik.com

 – Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас және атқарушы директорларына қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде қозғалтқыштар мен гидроблоктарды жеткізуді жүзеге асырған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тергелді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды, оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алды.

Сот зауыттың бұрынғы бас директорын аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директорын – төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара қаржысына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ