4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді. Бұл күн — елдің егемендігін айқындайтын маңызды тарихи сәттердің бірі. Ал 2007 жылдан бері 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде ресми түрде аталып келеді.
Мемлекеттік рәміздеріміз — ұлт мақтанышы, елдік пен бірліктің нышаны.
Туымыз – биік, Елтаңбамыз – асқақ, Әнұранымыз – рухты болсын!