Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
9
Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.
Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.