Мектеп басшылығындағы лауазым иелерінің айлығы өспек.

0
171

– Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін мектептегі басшылық лауазым иелерінің айлығы көтерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің алдыңыздағы министрдің кезінде мұғалімдердің ғана емес, директорлар мен орынбасарларының, өзге де мектеп қызметкерлерінің айлығы өсетіні айтылған еді. Сол уәде орындалмағаны туралы шағымдар бар. Оның себебі неге байланысты?» деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын арттыру шарасы толық аяқталған.

Ендігі кезекте мектеп басшылығындағы лауазым иелерінің айлығы өспек.

«Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25 пайыз көтеріліп отырды. Биыл тағы 25 пайыз артып, екі есе көтеру толығымен аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз, бұл оңай шаруа емес. Бүкіл оң-теріс тұстарын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз. Өйткені осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Ғани Бейсембаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз