Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

0
143
Фото: ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша
мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін
анықтады.
7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен
сыйақылар заңсыз аударылған.
Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн.
теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз
кінәларын толық мойындады.
Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру
жазасына сотталды.
Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын
сотталғандардан өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ