Мектептердің 86%-дан астамында инклюзивті білім алуға жағдай жасалған
Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86%-дан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасады,
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілген. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты.
Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп, 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асырып жатыр. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс істейді, – деді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Айта кетсек, 2019 жылдан бастап арнайы білім беру ұйымдарының желісі 83 бірлікке, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту 20%-дан астамға ұлғайды. Бүгінде балалардың 76%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.