Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президенті болып қайта сайланған Зоран Милановичті құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауында жеңіске жеткен Зоран Милановичке құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Астана мен Загреб арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қарым-қатынастар қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығаятынына үміт артатынын жеткізді.