Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
фото:Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент, ең алдымен, Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.
Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.