Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құттықтады

Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері!
Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер.
Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр.
Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру  жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.
Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Сәйкес жаңалықтар

Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді