Жемқорлыққа жол жоқ

0
176
7 сәуір 2022 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумы жасалады.
Аталған Меморандум бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу қаралған.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) мен Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы (әрі қарай – Көші-қон басқармасы) бірлесіп, соңғының қызметінде ағымдағы жылдың маусым айының 13-нен шілде айының 08-не дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстарын жүргізу шаралары басталды.
Сыртқы талдаудың негізгі мақсаты – көші-қон саласындағы бақылау-қадағалау, қызмет көрсету және басқа да бағыттарын зерделеп, оларда сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын тәуекелдерін, жасырын қызмет көрсету түрлерін және әкімшілік кедергілерін анықтау болып табылады.
Сонымен қатар, сыртқы талдау жұымстарын Департамент, Көші-қон басқармасы, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері бірлесіп, жүргізетін болады.
Бұдан бөлек, облыс тұрғындары тарапынан Көші-қон саласы бойынша туындаған кез-келген ұсыныстары мен мәселелері бойынша Агенттіктің желісі 1424 Call орталық арқылы хабарласу болатындығы жеткізіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ