Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Қазақстан Польшаны Еуропа Одағы мен Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі деп білетінін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанын жоғары бағалайтынын жазған. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тиімді байланыс келешекте де жетістіктерге толы болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Биылғы бәсекеде осы жетістікті сақтай отырып, бұдан да жоғары нәтиже көрсету міндеті тұр