Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтады

0
327

Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстанның әйелдер құрамасын Польшада өткен командалық әлем чемпионатында күміс медаль иеленуімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын!  Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға. Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық. Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді.  Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін!» – деп жазды Президент өзінің Instagram  парақшасында.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ