Мемлекеттің дамуы ортақ жауапкершілікке байланысты

0
12

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желіде жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдірді. Ол өз сөзінде Қазақ елі жаңа тарихи кезеңнің алдында тұрғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияны қабылдау – тек заңгерлердің жұмысы емес. Бұл барша елдің болашағын айқындайтын мезет. Біз спортта әр белесті бірлік пен тәртіптің арқасында бағындырамыз. Сол сияқты мемлекеттің дамуы да ортақ жауапкершілікке байланысты. Осы орайда референдум – әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел ертеңінің жарқын болуына үлес қосатын мүмкіндігі», деп атап өтті спортшы.

Сондай-ақ ол өз оқырмандарын 15 наурызда өтетін республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырып, әр дауыс маңызды екенін еске салды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ