«Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр». Жәнібек қазақстандықтардан көмек сұрады
Туған анасын іздеген Жәнібек Савелиев жантебірентерлік видео жариялады. Ол 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анасын іздеп барғанын айтқан. Соңғы айларда анасын табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткізген.
«Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы мен туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтады», – деп жазды ол.
Савиелев анасын кездестіруге әлі де үмітті екенін айтып, өгей анасы дертке шалдыққанын жеткізді.
«Менің туған шешем менің оның туған ұлы екенімді білмейтін шығар, менің оқиғамды естімей жүрген шығар… Мүмкін оның 2002 жылдың қаңтарында дүниеге келген баласы мен шығармын. Ол қазір менің орныма ауысып кеткен баланы туған ұлым деп ойлап жүруі де мүмкін ғой. Анашым, сен маған керексің. Мені асырап алған анам қатты ауырып жатыр. Ес білгелі сіз туралы ойламаған сәтім жоқ. Құрметті қазақстандық әкелер, аналар, бауырлар! Өтінемін, осы видеоны барынша таратыңыздаршы. Өтінішім туған анама немесе туыстарыма жетеді деп үміттенемін», – дейді Савелиев.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658