Министр құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуді тапсырды

0
97
Фото: Halyq Uni

ТЖМ-де өткен аппараттық кеңесте ведомство басышысы Сырым Шәріпханов бейінді құрылымдық бөлімшелерге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар үшін жаңа форма әзірлеуге кірісуді тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осыған байланысты министрдің тапсырмасына сәйкес жауапты қызметкерлерден тұратын жұмыс тобы құрылатын болды. Олар ыңғайлы және функционалды арнайы форма жасау жөніндегі қатардағы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың барлық ұсыныстарын ескермек. Жұмыс тобы осы бағыттағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді де зерттейтін болады.

Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары көбінесе жеке құрам үшін қиын әрі күрделі түрде өтеді. Осыған байланысты форма ыңғайлы әрі функционалды болуы керек. Біздің міндетіміз – құтқарушыларға өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ету. Дәл осындай тактика оларды заманауи құтқару техникасымен қамтамасыз етуге қатысты болуы керек, – деді Сырым Шәріпханов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ