Мобильді аударымды тексеру шегі артатын болды
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі тиісті бұйрықты Ұлттық банк қарауына жіберген.
“ҚР Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп мобильді аударымдарды тексеру шегін реттеу шарттарын жұмсартады. Қосымша шарттардың қатарында – Екінші деңгейдегі банктерге 3 айда 1,02 миллион теңгеден аз алатын қазақстандықтар туралы деректерді Салық салушыларға бермеуге рұқсат етіледі. Аударымдар саны қатарынан үш ай ішінде 100-ден көп болса да”, – делінген министрлік ақпаратында.
Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазіргі уақытта Ұлттық банктің қарауында. Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.
Еске сала кетейік, 2022 жылдан бастап Қазақстанда заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау мақсатында мобильді аудармаларға бақылау жүргізілуде. Егер үш ай ішінде жеке тұлға 100 немесе одан да көп түрлі жөнелтушілерден аударымдар алса, оны жеке кәсіпкер заңсыз деп тануы мүмкін.