Мопед айдау үшін де жүргізуші куәлігі керек – ІІМ

0
165
Фото: pixabay.com

 — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде мопедтер мен электросамокаттардың қозғалысын реттеу процесін жетілдіру жоспарына түсінік берді.

«Қазір түзетулердің екінші пакеті пысықталып жатыр. Олар қабылданғаннан кейін, шын мәнінде түбегейлі өзгерістер болады. Біріншіден, қозғалтқыш көлеміне қарамастан мопедтердің барлығы көлік құралы санатына жатқызылып, оларды жүргізу үшін 16 жастан асқандарға «А1» нұсқасындағы жүргізуші куәлігі қажет болады. Сондықтан осы мопедтердің барлығын тіркеп, есепке қоямыз. Қазір осы көлік түрлерін басқаратындарға іс жүзінде ешқандай жауапкершілік жүктелмеген», – деді И. Лепеха Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, бұл бағытта елді мекен әкімдеріне қосымша өкілеттіктер берілуі мүмкін.

«Бұл түзетулер пакетінде тағы бір өте маңызды норма бар. Енді әкімдерде самокаттарға қатысты реттеу өкілеттігі болады. Яғни олар өздерінің қосымша ережелерін белгілей алады. Бұл тұрғыда аталған көлікпен қайда өтуге болатынын, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керек екенін белгілейді. Мәселен, жексенбі күні саябақтарда серуендеп жүрген адамдар көбейген кезде, парк аумағында самокаттардың қозғалысына шектеу жасауы мүмкін», – деді министрдің орынбасары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ