МСАК медицина қызметкерлерін ынталандырудың жаңа жүйесі созылмалы аурулардың профилактикасына бағытталған

0
18

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) медицина қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінің жаңартылған жүйесін ұсынды.

Өзгерістердің себептері

Жүйені жетілдіру қажеттілігі бастапқы буын дәрігерлерінің ерекше еңбек жағдайларымен, жоғары психоэмоционалды жүктемемен және созылмалы инфекциялық емес аурулардың (СИЕА) профилактикасы рөлінің артуымен байланысты.

ЖБЫНК 2011 жылы енгізілген және ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған, бұл оның мотивация құралы ретіндегі тиімділігін төмендеткенін ескере кеткен жөн. Сонымен қатар, 2020-2024 жылдар кезеңінде СИЕА бойынша шұғыл емдеуге жатқызу санының 2-4%-ға өсуімен медициналық қызметтерге шығындар 600%-ға өсті.

Жаңа тәсілдер

Жаңартылған ЖБЫНК-тің басты міндеті – пациенттерді ерте анықтау және динамикалық бақылау арқылы профилактикалық жұмысты күшейту және емдеуге жатқызуды азайту.
Жаңадан әзірленген индикаторлар толығымен автоматтандырылған, формалды тәсілді болдырмайды және учаскелер жұмысының нәтижелілігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмысты сапалы орындау кезінде көтермелеу сомасы тоқсанына 1,7 млн теңгеге жетуі мүмкін. Төлемдер учаскелік дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, сондай-ақ жүкті әйелдермен жұмыс істейтін акушерлерге арналған.

Балдық жүйе

50 балл (1 балл = 4,5 АЕК) — қанайналым жүйесі аурулары мен қант диабеті бар пациенттерді толық динамикалық бақылау үшін;
25 балл — созылмалы ауруларды ерте анықтау және әйелдерді жүктілікке дейін сауықтыру;
Бонустар (1 бонус = 5 АЕК) — қатерлі ісіктерді және туберкулез жағдайларын анықтағаны үшін.

Күтілетін нәтижелер

Жаңа жүйені енгізу:

СИЕА байланысты асқынулар мен шұғыл ауруханаға жатқызу санын азайтуға;

профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға;

дәрігерлердің халықпен әріптестігін нығайтуға;

азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттануын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа шаралар бастапқы буын мамандары үшін пәрменді ынталандыру болады және созылмалы аурулармен күресте ұзақ мерзімді әсерді қамтамасыз етеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз